Түркістандық студент қыз трактор айдап күн көріп жүр

0
394

Түркістан облысының тұрғыны, студент Арай Асылбекқызы өз ауылында трактор айдап танымал болды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылының тұрғыны Арай Асылбекқызы трактор айдауды 11 жасынан бастап үйренді.

«Жеңіл көліктерге қарағанда тракторға деген қызығушылығым кішкентай күнімнен басталды. Бұны байқаған әкем мен ағаларым мені тракторды меңгерудің қыр-сырын үйретті. Сол үшін де алғысым шексіз. Бүгінде күніне 10 гектар жерді жыртып, агрария мамандарына көмегімді тигіземін. Сондай-ақ, бұзылған жағдайда тракторды жөндеуді де үйрендім», – дейді Арай Асылбекқызы.

Түркістандық студент бүгінде тіс дәрігері мамандығын игеріп жатыр. Және Арайды өз ауылында «тракторшы қыз» деп құрметпен атайды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету