Түркістандық шенеунік 5 млн теңге пара алған

0
551

Түркістан облысында лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен, Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

“Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.

Қылмыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда”, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.