Түркістандық дәрігерлер соқыршегі жарылған жүкті әйелді сәбиімен бірге аман алып қалды — новости Казахстана

0

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дəрігерлері соқыршегі жарылып кеткен жүкті əйел мен сəбиінің өмірін аман алып қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістандық дәрігерлер соқыршегі жарылған жүкті әйелді сәбиімен бірге аман алып қалды

Фотоколлаж: NUR.KZ

Шардара ауданының 1990 жылы туған тұрғыны Жансая Дүйсенова жедел жəрдеммен аудандық ауруханаға келген. Дəрігерлер деструктивті аппендицитті анықтап, науқасты санавиация арқылы тікұшақпен облыстық клиникалық ауруханасына жеткізіпті.

Жүктіліктің 37 аптасындағы келіншектің ауруы асқынып, жатыры іріңдеп, науқастың ішек аймағын қозғаған. Əдетте мұндай жағдайларда жатырдың өзі де, ұрығы да жойылады, себебі патология науқас үшін үлкен қауіп төндіреді екен.

“Жүкті əйел үшін кез келген ілеспе патология өмірге қауіпті. Бұл жағдайда əйел ауыр хирургиялық патологиямен, перитонитпен жеткізілді.

Шұғыл түрде оған «төменгі-орта лапаротомия. Аппендэктомия, ішек өтпеушілігінің өсуімен құрсақ қуысы мүшелерін тексеру, іш қуысын дренаждау жіті гангренозды — перфоративтік аппендицит бойынша сұр-іріңді перитонит төгілген”, — дейді Түркістан облыстық клиникалық аурухананың хирургия жөніндегі бас дəрігердің орынбасары Елдос Сұлтанов.

Айта кетейік, бір емес, бірнеше кəсіби білікті дəрігерлер бригадасы атсалысумен жас ананың жатыры сақталып қалған.

Ал нəресте кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қазір ана мен баланың жағдайлары бірқалыпты. Ем қабылдауды жалғастырып жатыр.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz