Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған

0

Киелі Түркістан қаласында орналасқан түркі халықтары үшін қымбат мекен Қажа Ахмет Ясауи кесенесін лаңкестер жармақ болған, деп хабарлайды Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», — деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев.

Бұл оқиға жайлы ШЫҰ отырысында айтылды.

фото: kazpravda.kz