Түркістанда зорланған әйел 1 жыл бойы зорланғанын дәлелдей алмай жүр
Полицияның жұмысына көңілі толмаған әйел прокуратураға жүгінді.
Түркістанда жалғызбасты ана өзін көршісі зорлағанын айтуда. Екі баланың анасы бір жылдан бері қылмыскерді заң алдында жауапқа тартқыза алмай келеді, деп хабарлайды Zakon.kz «Отырар» газетіне сілтеме жасап.
Жәбірленушінің сөзінше, бұл оқиға тура бір жыл бұрын болған. Бірде кешкісін әйел үйінің алдында отырғанда оған көршісі келген. Еркек кісі оны өз үйіне күштеп кіргізіп, зорлық жасаған. Одан кейін көрші әйелді түк болмағандай үйіне әкеп тастапты. Жәбірленуші аудандық ішкі істер басқармасына арыз жазды.
“Арыз жазу үшін полиция бөліміне келгенде, олар маған бір айдан кейін кел деді. Ал бір айдан кейін менің денемдегі жарақаттардың бәрі жазылып кетті, өйткені бір ай өтті ғой”, – дейді жәбірленуші.
Құқық қорғаушылардың дерегінше, әйелдің арызы негізінде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірнеше рет сараптама жүргізілген. Алайда бірінші және екінші сараптама нәтижесінде де зорлық іздері табылмапты.
“Тергеу барысында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денесінен ешқандай жарақат табылмады. Біз әйелдің арызы бойынша дәлелдер таппадық”, – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Мәлік Қайбар.
Осы іс бойынша тергеу жалғасуда. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толмаған әйел Бас прокурор орынбасарының қабылдауында болды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz