Түркістанда жас жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірді
Қысқа сілтеме алу
Жігіт қылмыс жасағанын мойындады, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны сүйіктісін қызғаныштан өлтірді.
Сайрам ауданының 22 жасар тұрғыны 20 жастағы ғашығымен бір жылға жуық уақыт жүрген. Материалдық қиындықтарға байланысты жас жігіттің үйленуге мүмкіндігі болмаған. Сүйгеніне солтүстікке жұмысқа тұрып, табыс табуға ұсыныс айтқан.
Қыз жауабын ұзаққа созып жүріп алған. Тағы бір жолыққанда жігіт қыздың келісімін ала алмаған, оның біреуі бар деп күдіктенген.
Қызғанышқа бой алдырған ол қыздың тамағынан ұстап, тұншықтыра бастайды. Алысып жүріп екеуі де жақын маңдағы каналға құлап кеткен. Мұнда жас жігіт өзінің махаббат романына нүкте қойды: сүйіктісін суға батырып өлтірді, деп хабарлады otyrar.kz.
Сол күні қыздың денесі канал арнасынан табылды. Бастапқыда қыздың өзі суға құлап кетіп, ағып кеткен болар деген болжам жасалған.
Бірақ мойнында тұншықтырған кездегі іздері қылмыстық іздестіруге, содан кейін күдіктіні ұстап берді. Жігіт бәрін мойындады.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты айыпталушыны кісі өлтіруге кінәлі деп тапты және оны ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырды.
sputniknews.kz