Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

0

Жантүршігерлік жол апаты Кентау – Түркістан трассасының 5-ші шақырымында болған.

Жеңіл автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, өзіне қарама-қарсы келе жатқан көлікке соғылған.

«6 адам оқиға орнында қаза тапты. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам Кентау ауруханасына жатқызылды», — деді Түркістан облысының Полиция департаменті.

фото: ашықдереккөз