Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Бадырақовтың  есепті баяндамасындағы мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданы — 68,2%, Мақтарал ауданы — 68,3 %, Сарыағаш ауданы — 86,9%, Келес ауданы — 87%, Төлеби ауданы — 88,1% бойынша көрсеткіштер төмен. Ал облыстағы жайылымдық жерлерді цифрландыру 35,8%-ға орындалған. Жайылымдық жерлерді цифрландыру жұмыстарын Түркістан қаласы — 4,9%, Сайрам ауданы — 6,8%, Мақтарал ауданы — 6,7%, Кентау қаласы — 9,4% ғана орындапты. Қалған аудандарда бұл көрсеткіш 25,0%-дан 59,6%-ға ғана жетіп, тапсырма толық орындалмай отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/