Түркістанда «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы талқыланды

0
12 Желтоқсан 2018, 21:52 296 0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімдігінде іссапармен барған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова облыс активімен кездесті.

Жиынға министрліктердің аумақтық департамент басшылары, жергілікті атқарушы орган басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық арнайы мониторинг тобының, қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары М.Н.Отарбаев өтті.

«Елбасы өз Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын іске асыруды тапсырды. Бүгін «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылды», — деді ол.

Кездесуде сөз алған Агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымова «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасына кеңінен баяндап берді.

Сондай-ақ, А.Шайымова Агенттікпен бастау алған кіші бағдарламалар мен қолға алынған жобаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ