Түркістанда соғылған «әуе дабылы» тұғындарды әбігерге салды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістанда қателіктің кесірінен қағылған әуе дабылы үшін қала әкімдігі кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дабыл

Түркістан қаласының әкімдік өкілдері дыбыс дабыл арқылы коронаиврус жайлы ақпарат айтылуы керек болатын деп ақталды.

«Бүгін таңғы уақыт 9.00 шамасында қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы «әуе дабылы» беріліп, нәтижесінде халық арасында түсініспеушілік жағдай орын алды. Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ахауға байланысты басылған дабыл үшін кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Орын алған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз», — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда ТЖ режимі 11 мамырға дейін соөылған болатын. Қазіргі таңда елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 4277 адам болды. 

stan.kz