Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды

0
Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сағат 12.14-те қыз ес-түссіз күйде құдықтан шығарылды.  Сағат 12.15 кезінде жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері өлімді растады», – делінген басқарма ақпаратында.
Айта кетейік, кеше 29 жастағы қыз ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлап кеткен болатын. Құтқару жұмысына Төтенше жағдай департаментінен, жедел жәрдем мен полиция қызметінен 31 адам және 5 техника жұмылдырылды.

https://smartnews.kz/news/9673-turkistanda-kudykka-kulap-ketken-kyz-esin-zhimastan-kajtys-boldy2021 жылы тамыз айының соңында Бақтияр Артаев пен Марат Мықтыбеков базаға келді. Олар күзетпен кіріп келді. Бақтияр Артаев үнсіз ғана отырды. Ал Марат Мықтыбеков «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің атынан Анджелина Лукас ұлттық құрама сапынан шығарылсын…» деген бұйрықты оқи бастайды. Мен «Қалайша? Не үшін? Көптеген турнирлерде жеңіске жеттім» деген шокта болдым. Бұйрықта «Этиканы бұзғаны үшін» делінген. Марат Мықтыбеков бұйрықты оқып жатқанда мен жылдам диктофонымды қостым. Сосын мен оны қалай дәлелдей аламын? Ол бұйрықты оқыған соң, менің бапкерім шошып тұрып: «Сен маған командада тәртіпсіздік бар деп айтқан едің ғой», — дейді. Егер мен этиканы бұзатын болсам, онда неге біздің құрамада Азия ойындарының алдында, әлем чемпионатының алдында барлығы жиналып, сөмкелеріне тығып әкелген кальян мен темекені шегіп, ішімдік ішеді? — дейді спортшы.