Түркістанда ішінде адамдар бар үйді сүріп тастауға шақ қалған (видео) — новости Казахстана

0

Түркістан тұрғыны өзі тұрып жатқан үйді сүріп тастамақ болғаны жайлы ешкім ескертпегенін айтуда. Ол орын алған оқиға жайлы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: NUR.KZ, скриншот

Фото: NUR.KZ, скриншот

Жандос Нарымбайдың мәлімдеуінше, таңғы уақытта ешбір ескертусіз үйдің шатырын қирата бастаған. Мұны аңғарған жас жігіт ағасымен бірге далаға атып шыққан.

Жандостың анасы оқиға жайлы естіп, бірден сол жерге келген. Үйді бұзып жатқанын көре сала, әйел адам есінен танып қалған. Оған дәрігерлер көмек көрсеткен.

Түркістан әкімдігінде үйді бұзу жұмысының заңды түрде іске асып жатқанын жеткізді. Билік өкілдері үй иесіне ескерту жасалғанын, ол өз үйі үшін ақшасын алғанын айтуда.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес, мемлекеттік қажеттілікке байланысты Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан 168 нысан бұзылмақ. Олардың 154-і тұрғын үй болса, 14-і коммерциялық нысандар.

Дереккөз: kaz.nur.kz