Түркістанда фермерлер облыс әкімі Дархан Сатыбалдыны «хан сайлады»

0
267

Белгілі шаруа Алмасбек Садырбаевтың «Шаруаларды тізе бүктірген хан» атты бейнежазбасы телеграм арналарда тарауда деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бейнежазбада Алмасбек Садырбаев: «Үш күн бұрын біз, фермерлер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны кездестірдік. Бірақ бізді толғандыратын мәселелер шешілмеді. Оған сәрсенбіде кездесу қажеттілігі туралы ескерттік.  Келісілген уақытта облыс әкімдігіне келдік. Әкім бізге келгісі келмеді. Біз таңғы 9.00-ден 14.30-ға дейін бес жарым сағат күттік. Бірақ, ол бәрібір жауап бермеуге шешім қабылдады. Бізге креативпен айналысуға тура келді. Облыстың жаңа әкімі фермерлерді тізе бүктіруге шешім қабылдағандықтан, бұдан былай Түркістан ханын таққа отырғызбақпыз»- дейді жазбада.