Қостанай облысының тұрғыны әйелін өлтіріп, денесін құдыққа тастады деген күдікке ілінді
Қостанай облысы тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелін мойынорағышпен қылқындырып, кейін денесін құдыққа тастаған.
Әйелдер мерекесі күні Қостанай облысы Лаврентьевка ауылының 36 жастағы тұрғыны полицияға әйелінің жоғалғаны туралы айтып арыз түсіреді. Ол жұбайының 2 жасар баласын үйде қалдырып, хабарсыз кеткенін айтқан.
Полиция, ауыл тұрғындары мен оның күйеуі әйелді іздестірді. Кейін көп ұзамай отағасының өзі күдікті болып шықты.
Марқұмның денесі 8 наурызда табылды. Келесі күні ол жерленді. Екі жасар бала қазір күдіктінің туыстарында, ал ер адамның өзі қамауға алынды.
Жоғалған әйелдің күйеуімен ажыраспақ болғаны белгілі болды.
Полицейлердің болжамы бойынша, олар жанжалдасып, күйеуі әйелін қылқындырып өлтіріп, мәйітті құдыққа тастаған. Ер адам анасына әйелінің заттарын жинап, кетіп қалғанын айтқан.
Кінәсі дәлелденген жағдайда ауыл тұрғыны сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.