Түркістанда 40 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды — новости Казахстана

0

Түркістан қаласында 40 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды. Марқұмның соңында сырқат қарт анасы мен алты баласы қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: mignews.ru

Көрнекі фото: mignews.ru

Cуицид фактісін Түркістан облыстық полиция департаменті де Facebook-тегі ресми парақшасында растаған.

«Ақпан айының 5-іне қараған түні Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан ұлының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орын алған жерге жедел-тергеу тобы жетеді. Аталған жайтты полицейлер СДТТБТ-не тіркеуге алды. Сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған жайттың мән-жайы анықталатын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көрінеу жалған ақпарат тарату, әлеуметтік және басқа да алауыздықты қоздыру мен жеке өмірге қолсұғылмаушылықты ҚР Қылмыстық кодексінің 274, 174 пен 147 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді», — деп хабарлады Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қайғылы жағдайдан бір апта бұрын ғана марқұмның жұбайы мемлекет қажеттілігіне сүрілуге жататын баспанасына бөлінген қаражатпен келіспейтіндігін айтқан.

«Қолымда жасы 90-нан асқан енем бар. Қайынсіңлім де екі баласымен осында. Бір қора жан көшу керек боп тұрмыз. Үйімізді 15 млн 480 мың теңгеге бағалап отыр. Бұл сомаға дәл осындай үй сатып ала алмаймыз. Ұсынған ақшаға времянка сияқтылар ғана келеді, қалай айырбастаймыз?», — деп шырылдаған алты баланың анасы.

Алайда Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған жайттың тұрғын үйлердің сүрілуімен еш байланысы жоқ екендігін айтты.

«5-ші ақпанға қараған түні сағат 3-тер шамасында ұлының суицид жасағаны туралы айтып жедел жәрдемге әйел адам хабарласқан. Полиция департаменті де тергеп тексеру жұмыстарын бастап кетті. Бірақ бұл жайттың мемлекет мұқтажы үшін жер мәселесімен ешқандай қатысы жоқ», — дейді Түркістан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Мадина Байғұт.

Дереккөз: kaz.nur.kz