Түркістанда 14 жастар өспірім зауытта жұмыс істеп жүріп бір қолынан айырылды
Түркістан облысында зауытта жұмыс істеген 14 жасар жасөспірім білезігіне дейін оң жақ қолынан айырылды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Ерасыл Жұмабектің айтуынша, достарының кеңесі бойынша кірпіш зауытына жұмысқа орналасқан. Ата-анасына еш нәрсе айтпапты.
Екінші күні баланы жерді үгететін станокта ұмыс істеуге қойған. Ол станоктың жанынан өтіп бара жатып, құлап кеткен. Қолын пышақ орап алды.
Басқа балалардың бірі зауытта тек аспаз ересек адам екенін жеткізді. Қалғандары — Шұбарсу мен Бадамнан келген кәмелетке толмағандар (Шымкент маңындағы ауылдар — Sputnik). Ол тоғыз сағат жұмыс істеп, күніне 3-4 мың теңге ғана алған.
Жасөспірім анасысының сөзінше, еңбек инспекциясы баласы жалақыға жұмыс істегенін айтуды өтініпті. Сол кезде мүгедектік бойынша жоғары жәрдемақы рәсімдейміз деп сендірген.
Тұрсынай Әбутәліпова кәнілілерді жазалау үшін барын салмақ. Сондай-ақ, олардың баланың емделуі мен протезінің ақшасын төлеуді талап етпек.
Полицияда оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес («Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы»)
Кірпіш зауытының басшылығы түсініктеме беруден бас тартты.