Home Жаңалықтар «Түркістан жастары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Түркістан жастары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0
91

2018 жылғы 26 желтоқсан 14:24 163

«Түркістан жастары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға және кеңінен насихаттап, облыс көлемінде дамуына үлес қосқандар марапатталды. «Түркістан жастары» байқауының жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында  дәстүрлі түрде жастар премиясы байқауы ұйымдастырылды. Биылғы байқау  Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай  27 номинация бойынша өтті.  Жеңімпаздарды анықтау облыс аумағындағы  қала-аудандарда да жүргізіліп,  комиссия шешімімен іріктелді. Әлеуметтік желілерде  дауыс беру қорытындысы да назарға алынған болатын.

Қатысушылар өздерінің үздік атануға лайық екенін көрсететін құжаттар мен жұмыстарын өткізіп, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда  «Түркістан жастары» тақырыбында пікірлер мен мақалалар  жазды. Бейнетүсірілімдерін ұсынды.

Байқауға жалпы саны 145 жастан өтінім түсіп, комиссия 27 үздік жасты анықтады. Тағы үш үміткер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы  жүлдемен марапатталды.

Жеңімпаздар облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы алғыс хатымен және 100 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Ал «Үздік жастар ресурстық орталығы» номинациясының жеңімпаздары арнайы жолаушылар көлігіне ие болды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz