Түркістан, Тараз, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Алматы
Синоптиктер елдің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын айтты. Оңтүстікте жаңбыр қарға ұласады деп күтіліп отыр
АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Оңтүстік Каспий циклонының әсерімен елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады. Оңтүстікте жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және солтүстік-шығыста бұрқасын күтіліп отыр.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді. Бұрқасын мен тұман болады деген болжам жасалып отыр.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарында тұман болады. Желдің жылдамдығы – 15-22 м/с.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанда тұман түседі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Дүйсенбі күні астанада күн бұлтты, жаңбыр қарға ұласады. Ауа температурасы күндіз 0, түнде -2 градус шамасында.
Алматыда аздаған жаңбыр жауады, күндіз +16 , жаңбыр, түнде +6 градус.
Шымкентте де жаңбыр болады. Күндіз сегіз градус жылы, түнде плюс үш градус болады.
sputniknews.kz