Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады

0

Дабылды қосқан адамдар жауапқа тартылды. Әкімдік тұрғындардан кешірім сұрадымссисмисмисмисмииисмисмисмии

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Түркістанда коронавирус туралы ақпараттың орнына мүлдем басқа дыбыстық дабыл бергендер жазаланады. Қала әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады.

«Қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы «әуе дабылы» беріліп, халық арасында түсініспеушілік болды. Қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз», — деп жазылған ақпаратта.

Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ақауға байланысты мүлдем басқа дабыл қосылғаны айтылып отыр. Әкімдік кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

«Қорқып кеттік қой», «Әуе дабылы деген дауыс шықты, түк түсініксіз», «Соғыс кезіндегі дабылды қойып, өте ұят», деп жазды Instagram қолданушылары.

Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді. Осыған байланысты коронавирустан қорғану үшін қандай шаралар жасау керектігі жайлы қалаларда дыбыстық хабарлама жасалады.



sputniknews.kz