Түркістан облысының тұрғындары суға таласып, жаппай төбелес ұйымдастырған – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Түркістан облысында ауыл тұрғындары суға таласып жаппай төбелескені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпарат агенттігі. 

төбелес

Әлеуметтік желіде бірнеше адамдардың қолдарына таяқ алып, төбелескені түсірілген видео таралыпты. 

Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер адамдар арасындағы төбелес егістікке арналған суға байланысты пайда болғанын анықтады.

Аталған жайт ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабымен тіркелді.

«Тұрғындар арасындағы төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 адам жүгінген. Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жетісай ауданы ауруханасының мәліметіне сәйкес бес адам ауруханада емделуде, ал қалғандарына алғашқы көмек беріліп, үйлеріне шығарылған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан екі адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық қатысушыларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тексеріледі.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз