Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері салауатты өмір салтын дәріптейді
Астана, BAQ.KZ. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне орай Түркістан қаласында 2018 жылдың 29 қарашасында облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өз жалауын көтерді.
Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен жарыстың ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ. Тұрсынбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге облыстағы жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерінен құралған 40-қа жуық команданың 300-ден астам қызметшілері қатысады.
Жарыстың ақтық ойыны ағымдағы жылдың 30 қарашасында өтеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ