Түркістан облысының дезинфекция орталығының бас директоры ұсталды
Түркістан облысының дезинфекция орталығының бас директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.
«Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Озықбаевқа Т7,5 млн айыппұл түрінде жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды.
Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлылық жасағаны үшін, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Төрегелдиев РМК — да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселені оң шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың Т500 мың сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Төрегелдиевтің мемлекетке Т2,2 млн. сомасына залал келтіргені хабарланды.
Сонымен қатар аталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылғаны атап өтілді.
фото: tajmedun.tj