Түркістан облысының әкімдігі Lexus LX 570 соңғы үлгісін жалға алады. Не үшін?

0

Әкімдік элиталық жол талғамайтын машинаны тоғыз айға жалға алған.

Жалға алу құны төрт миллион теңгені құраған.

Бұл туралы liter.kz басылымына сілтеме жасап KzNews.kz хабарлайды.

Келісім бойынша жалдау әкімдікке 4 074 500 теңгені құрады (бұл жоспарланған сома) және ол тоғыз айға созылады: 2020 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін .

Техникалық сипаттамада Түркістан облысының әкімдігі элиталық жол талғамайтын көлік Түркістан облысының аумағында және Шымкент қаласында қолданылатындығын баса айтқан.

Lexus LX 570 сипаттамаларына сәйкес , ол міндетті түрде жаңа болуы керек — 2020 жылғы, түсті — қара металл, былғары интерьермен.

Бұл туралы сұраққа Түркістан облысының әкімдігі элиталық көлік туралы мәліметтер жоқ деп жауап берді.