Түркістан облысындағы екі ауыл су астында қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мақтаарал ауданында жедел штаб жұмыс істеп жатыр, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауға шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Өзбекстанда бөгеттің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендерін су басты. Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өңірге ұшып кетті.

Мақтаарал ауданында жедел штаб құрылып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


©
Photo : пресс-служба КЧС Казахстана

Түркістан облысында екі ауылды су басты

ТЖК хабарлағандай, ведомство төрағасы Владимир Беккердің басшылығымен республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Жағдайды бағалау үшін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов және ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Түркістан облысына ұшып кетті.

Апаттан құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың 267 адамы мен 26 арнайы техникасы жұмылдырылды. Шымкенттен 300-ден астам әскери қызметші және 28 арнайы техника, сондай-ақ Ұзынағаш ауылындағы Ұлттық ұланның 460 қызметкері көмекке шықты. 

Мақтаарал ауданының әкімі түнгі сағат 12-де төтенше жағдай жариялады 

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 мамырында таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты. Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендерін басып қалуына әкеп соқтырды.

Сырдарияда бөгет бұзылды

Еске сала кетейік, Өзбекстанның Сырдария облысында су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан екі бала көз жұмды, 56 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бөгеттің бұзылуы салдарынан елді мекендерге, коммуникациялар желілері мен ауыл шаруашылығы жерлеріне үлкен шығын келді. Тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басты.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ағынды су канал арқылы Арнасай көліне ағызылды. Бөгет бұзылған жерде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Су қоймасы маңында тұратын 70 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар тамақпен, дәрі-дәрмекпен, демалуға арналған орындармен қамтамасыз етілді.

Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, үкіметтік комиссия құрылды.



sputniknews.kz