Түркістан облысындағы блок-бекеттер: Тоқтаусыз көлік ағымы азаяр емес — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында 40 блок-бекет орналастырылды. Олардың 10-ы Шымкент қаласында сыртында екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жазды.

«Әрбір бекетте планшет ұстаған қызметкерлер жүргізушілер мен тұрғындардың дене қызуын тексеруде. Бүгін олардың жартысына барып үлгердік. Блок-бекеттердегі қызметкерлердің керекті нәрселермен қамтамасыз ету туралы мәселелер талқыланды. Жетпіспетін маскалар, қолғап пен тазалаушы құралдар жеткізілді. 

 Шлагбаумдардың алдында толассыз көліктердің ағымы өте көп. Жүргізушілер бір-бірінің жолын кесіп, кезексіз өткілері келеді. Біреуі өзінің «Әлемдік халықтар қауымдастығының жазушысы» деген куәлігін көрсетіп, мені таңқалдарды. Құрметті жазушылар үйде отырмай, не істеп жүрсіздер?»- деп жазыпты әкім орынбасары. 

блок

Еске салайық, бұған дейін Түркістан қаласына кіреберіс Ынтымақ, Кентау, Шаәілдір, Балтакөл секілді елді аймақтарда 15-ке жуық бейнебақылау камералары орнатылыпты. 

Бекеттердегі қызметкерлер, әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан келген көліктерді жіті бақылауға алыпты. Қазір бақылау нүктелерінде дәрігерлер, полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс атқаруда. 

блок

 

 

 

 

 

stan.kz