Түркістан облысындағы бақылау бекетінде студент полиция қызметкерлерін қағып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысындағы «Ақтас» өткізу пунктінде, Шымкенттің кіреберісінде студент екі полиция қызметкерін қағып кетті, тәртіп сақшылары ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның видеосы 13 мамырда  kris_p_almaty парақшасында пайда болды.

 

«Ақтас» өткізу бекетінде полиция қызметкерін қағып кетті. Жедел жәрдем келді», — дейді видео авторы.

Түркістан облысының полиция басқармасында түсіндірілгендей, жазатайым оқиға 10 мамырда Шымкенттің кіреберісінде болған.

«Ақтас» өткізу пунктінде «ВАЗ 21014″ көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, оларды қағып кетті. Жас жігіт ұсталды. Ол студент, Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты», — деп түсіндірді облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланды, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Екі полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды.

 

 



stan.kz