Түркістан облысында жүкті әйелдерді ескі замандағыдай арқанмен босандырып жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Шардарада жүкті әйелдерді ескіліктегі халық әдісімен босандыру жолы көптеп қолданылып жүр. Түркістан облысында халықтың медицинаның әдісін қолға алған. 

Түркістан облысында жүкті әйелдерді ескі замандағыдай арқанмен босандырып жүр

Мұнда жүкті әйелдер арқанмен босанады. Олар отырған күйде арқаннан ұстанып босанады, деп жазады Отырар.

«Бұрындары қазақ әйелдері арқанның көмегімен босанған. Медициналық көзқараста бұл адамға пайдалы саналады. Босану кезінде әйел адам осылайша жеңіл босанады», — деді бас дәрігер Жанар Оспанова.  

Бұл әдіс шетелдік дәрігерлер де қызықтыра бастапты. Шардараға шетелден келген дәрігерлер босанудың ескі әдісін үйренеді. Дәрігерлердің айтуынша, шетелдіктер бұл әдісті тіпті патенттеп алмақ болған. Бұл әдіс қазір Шардарада қолға алынғанымен, болашақта ел аумағында қолданылу мүмкін. Жүкті әйелдер осы әдісті таңдағанды құп көреді. 

«Бұл біздің салтымыз. Ата-бабаларымыз бекерге қолданбаған. Мен де осы әдісті таңдадым. Ол үшін өкінбеймін», — дейді босанушы әйел Диана Мақатай. 

Шардарада үш жүзден астам жүкті әйел арқанның көмегімен босанған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz