Түркістан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

0
153

Тағы бес адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Түркістан облысының Ордабасы ауданында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы ауданында ірі жол-көлік апаты тіркелді. Нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Тас жолда Nissan микроавтобусы мен Ваз жеңіл көлігі соғылды. Аудандық полиция бөлімшесінің ақпараты бойынша, микроавтобус жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соғылды.

Қатты соққыдан көліктердің түгі қалмады. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz