Түркістан облысында жезөкшелердің притоны анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы полицейлері жеңгетайлықпен айналысып жүрген притон «қызметкерлерінің» қызметін әшкере етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

притон

4 сәуір күні Түркістан облысының полиция департаментіне облыс орталығының моншаларының бірінде жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түсіпті. Аталған жайт ҚР қылмыстық кодексінің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін анықтапты. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтаған. Олардың Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтап жатыр.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз