Түркістан облысында жетім қыздарды мал бағып жүрген жерінен тапқан сыныптасына үй берілді

0

Түркістан облысында Назгүл мен Құндыз Сұлтанбек есімді екі жетім қыз ұзақ жылдар бойы мал баққан. «Көреміз» бағдарламасында 1991 және 1996 жылғы қос қыз жайлы айтқан сыныптастарына қайырымдылық қоры Меккеге жолдама мен пәтер сыйға тартты, деп жазады Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамда шу көтерілгеннен кейін Назгүл мен Құндызды Тараз қаласындағы көпбалалы ана Зүлфия Төленованың қолына көшті. Айта кетейік «Елге көмек» қайырымдылық қоры қос қызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан екі қабатты үй сыйлаған болатын.

Осыдан кейін көпшіліктің айтуымен аталмыш қайырымдылық қоры қыздар жайлы бағдарламаға хабарлап, жанұшыра көмектескен сыныптастары Гүлсімжан мен Айшаға Меккеге жолдама берілді.

«Көреміз» бағдарламасында Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина есімді екі келіншек сыныптастары жайлы айтты. «Ақшасын алу маңыздырақ болды, бұларды адам ретінде көрген жоқпын» деп айтыңыз. Сіздің есігіңіздің алдындағы ит бақытты. Өткенде көрдім. Ит уақытылы тамақ ішіп, сүйек мүжіп жатыр. Ал екі қыздың тамағын нан, қара су қылып қойғансыз. Ішетін су көгеріп кеткен. Келіншегіңіз екеуіңіз неге ішіп көрмедіңіздер? Іштері көгеріп кеткен. Үйді түгел араладым, макарон тұр, оны қуыратын не май, не газ жоқ», — дейді қыздардың бірінің сыныптасы Айша Мұстафина.

Сонымен қатар екі қызды алғаш көрген сыныптасы Пернебекке пәтер берілді. 

фото: kaz.nur.kz