Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

0
7

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Жетісай – Шардара» автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, «Жетісай – Шардара» автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – «Нексия» мен «Лада-Vesta» бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Нексия» жүргізушісі мен екі жолаушы, «Лада-Vesta» көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды – видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz