Түркістан облысында заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін 4 азамат ұсталды

0

Күдіктілердің қаруды қандай мақсатта сақтағандықтары анықталуда.

Түркістан облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс шарасы көлемінде заңсыз атыс қаруын сақтау дерегін анықтады. Жергілікті 4 тұрғын заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен қару-жарақ табылған. Жедел уәкілдер Түркістан облысы тұрғындарынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып, тәркіледі. Полиция бөліміне ұсталғандар болған мән-жайды анықтау үшін жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілердің қандай мақсатта өздерінде атыс қаруын сақтағандығы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287 «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалып, күдіктілер қамауға алынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz