Түркістан облысында ұрылар мешіттегі садақа жәшігін қолды қылған – Қазақстан жаңалықтары

0
2
Advertisement

Түркістан облысында ұрылар садақа жәшігін қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

садақа

«Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, таңғы уақытта белгісіз біреу ауылдық мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскенін жеткізді. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұрылар ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, садақаға арналған металл жәшігін ашып, ішінен ақша ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген ресми хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара ауданының тұрғыны ұсталған. 

Осыған ұқсас жағдай Кентау қаласына жақын ауылда орын алыпты. Қалаға іргелес жатқан жергілікті зираттан бейтаныс адам садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткендігін жеткізген.

«Оқиға орнына жеткен Кентау қалалық ПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Ұрылар барлығы 12 мың теңге көлемінде ақшаны алып кеткенін анықталды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, полицейлер күдіктіні іздестіруге кірісті», – деді ПД өкілдері.

Күдікті сол ауылдың тұрғын болып щыққан. Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр
 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз