Түркістан облысында төрт адам газдан уланып қайтыс болған

0

Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдай жөнінде комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 наурыз кешке болған.

“1 наурызда кешкі сағат алты шамасында Түркістан облысы Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласында төртқабатты тұрғын үйдің екі пәтерінде табиғи газдан уланған төрт адам қайтыс болды” деді сенбі күні комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Ақпан айының басында Түркістан облысында бір отбасының төрт адамы газдан уланып қайтыс болған.

Азаттық