Түркістан облысында тіркелген алты науқастың қай ауданнан екені айтылды

0
0
Advertisement

Ордабасы мен Сайрам ауданындағы екі тұрғынның Шымкент қаласында тіркелген науқастың туысы болып шықты

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы басшысының баспасөз қызметі бүгін коронавирус жұқтырғаны анықталған алты науқас жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жетісай ауданында 3 адам, Кентау қаласы, Ордабасы ауданы, Сайрам ауданында бір науқастан тіркелді», – делінген ақпаратта.

Ордабасы мен Сайрам ауданындағы екі тұрғынның бұған дейін Шымкент қаласында тіркелген науқастың туысы екені мәлім болды. Олар қазір оқшауланып, ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 22 мыңға жуық адам қатаң карантинге алынды

Сонымен қатар облыста науқастармен байланыста болғандарды анықтау, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 11 адам бар.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз