Түркістан облысында «Тау самалы — Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 21:01 138

Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Бүгін Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында «Тау самалы — Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті.

Шарағаға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Жиын барысында халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар мен ел чемпионаттарының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыс тұрғындары қатысқан фестивальда өңір басшысы бұқаралық қысқы спорт пен аймақта туризмді дамытуға айрықша серпін беру қажеттігіне тоқталды. «Тау самалы-Жан самалы» атты шаңғы фестивалі өңірдегі тарих шежіресіне айналған Түркістан өңірінің мәртебесін өсіріп, мерейін арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді.

Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 

«Біздің мақсатымыз өңірдің тарихи-мәдени орындарын, аймағымыздың бренді саналатын туристік әлеуетін Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтарымен ұштастыра отырып дамыту. Президентіміз биыл Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған соң, Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды. Бұның бәрі Елбасымыздың Түркістанға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының арқасы. Бүгінгі «Тау самалы — жан самалы» фестивалі өңірдің туристік әлеуетін одан сайын көтереді деп сенемін. Ендеше туған жердің табиғатына тамсанып, қысқы спортпен шұғылданып, жақсылап тынығып қайтыңыздар. Қазақтың төбе биі атанған ұлы қайраткері — Төле бидің есімін иеленген аудан келешекте туризм саласы өте жақсы дамыған ірі орталыққа айналады деп сенемін!», — деді аймақ басшысы.

Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 

Фестиваль ұйымдастырылған «Тау самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы бір мезетте 3 мыңдай адамға қызмет көрсете алады. Ал, көктем және жаз айларында атпен серуендеуге болады. Фестиваль барысында аймақ басшысы осы жылдың тамыз айында Индонезияда өткен ХVІІІ жазғы Азия Ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған 6 спортшыны марапаттады. Қараша айында өткен бокстан ерлер арасындағы ел чемпионатына қатысып, командалық есепте І-орынды жеңіп алған 13 сайыпқыранға Алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, «Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңымпаздарына да ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 

Айта кетейік, таулы ауданда қысқы туризм қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда 70 туристік нысан ашылып, 6 қонақ үй мен 2 емдік-сауықтыру орны қызмет көрсетеді. Балалар лагері мен 47 демалыс аймағы саяхатшылардың сүйікті орнына айналған. Жыл басынан бері жаңадан 3 туристік нысан іске қосылды. Бүгінде аудандағы Қасқасу ауылында «Қасқасу тау-шаңғы» курорттық базасының инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде. Әлемдік деңгейдегі демалыс орнында жергілікті халықпен қатар шетелдік туристер де демала алады. Бұдан өзге ауданда 30-дан аса тарихи-археологиялық орындар бар. Әрқайсысы тарихтан, қилы замандардан сыр шертеді. Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулиелі орындар жұртшылықты қызықтырып отыр. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы ауданға 28 мыңнан аса саяхатшы келген.

Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 
Түркістан облысында «Тау самалы - Жан самалы» шаңғы фестивалі өтті 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz