Түркістан облысында су тасқыны аймағынан көшірілген 3000 адам мектептерге орналастырылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында су тасқыны аймағынан көшірілген 3000 адам мектептерге орналастырылды. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ. 

Дәрігерлер індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.

Еске салайық, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды. Облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз