Түркістан облысында қыз алып қашқан жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

0
45

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Видеосы тарап кеткен атышулы оқиға Түркістан облысы Арыс қаласында болған екен

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жас жігіт өзімен бірге оқыған сыныптасын алып қашпақшы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде бірнеше жігіттің жас қызды көлікке күштеп отырғызып, алып қашпақшы болған сәті түскен видео тарап кетті.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Арыс қаласында болғанын нақтылады.

«Күдікті үйлену мақсатында мектептегі сыныптасын алып қашпақшы болған. Екеуі бір сыныпта оқыған. Олардың жасы 20-25 шамасында. Алайда қыз келісімін бермеген. Сондықтан жігіт қызды үйіне апарып тастаған. Кейін қыздың анасы Арыс аудандық полиция бөліміне арызданды», – деді баспасөз қызметінің өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазіргі таңда бұл факт негізінде ҚР қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады», – дейді Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Егер сотта күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда күдікті зардап шегушіні өз еркімен босатса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз