Түркістан облысында полицейлер мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіру құралы мен дәрі қорабын сұраған — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Желіде полицейлердің мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіру құралы мен дәрілер қорабын талап еткені түсірілген видео тарады.
Полицейлердің заңсыз әрекеті бейнеленген видеоны қоғам қайраткері Мұрат Әбенов парақшасына жариялады.
«Мына екі жүргізуші мотоцикл жүргізушісінен шын ниетпен өрт сөндіру құралы мен дәрі қорабын, апат белгісін талап етіп тұр», — дейді Әбенов.
Бұған қатысты полиция департаментінде жауап берді.
Департамент мәліметінше, бұл ереже білмейтін полицейлер қызметінен босатылған. Олар жол ережесін білмегені және қызметін дұрыс атқармағаны үшін айыпты болды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz