Домой Жаңалықтар Түркістан облысында өз ұлын балталап өлтірді деген күдікпен ер адам 15 жылға...

Түркістан облысында өз ұлын балталап өлтірді деген күдікпен ер адам 15 жылға сотталып кетті

0
317

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты алты жасар ұлын балталап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай биыл 4 наурызда болған. Сот тергеуінде сотталушы өзінің 2016 жылы туған баласын тоғайға «отын жинаймыз» деп алдап апарғаны анықталды. «Онда жәбірленушінің сол жақ самай сүйегіне темір балтаның тегіс жағымен бір мәрте соққы жасаған. Содан баласының денесін көтеріп, шабылған жиде ағашының томар астына ынғайлап койып, темір балтаның үшкір жағымен мойын аймағынан бірнеше рет соққы жасап, шауып өлтірген», — делінген хабарламада. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқаруға 10 жылға тыйым салынды. Соттың тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгілегені анықталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.