Түркістан облысында ол жүру ережелерін білмейтін полицейлер жұсыстан қуылды

0

Қызметтік тексеріс басталды.

Түркістан облысында жол жүру ережелерін білмейтін полицейлер атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеоға байланысты, полиция қызметкерлері ҚР Жол жүрісі ережелеріне сәйкес, мотоцикл көлігінде медициналық дәрі-дәрмек қорабының болу қажеттілігін түсіндіре алмағандығы көрініс табады.

— Жаңа Ішкі істер министріне ең бірінші болып, мынадай полицейлерден құтылу керек. Бұл екеуі мотцикл жүргізушісінен шынымен өрт сөндіру құралын, дәрі-дәрмек қорабы мен апаттық жағдайда қойылатын белгіні талап етіп тұр, — деп видеоға пікір қалдырған Мұрат Әбенов.

Аталған декеркке қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесінде ПД Жергілікті полиция қызметі патрульдік полициясының полицейлері өздерінің функционалдық міндеттерін және ҚР Жол жүрісі ережелерін жеткілікті деңгейде білмегені үшін атқарып отырған лауазымдық қызметтерінен босатылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz