Түркістан облысында өгей шешесі мен әжесін өлімші етіп сабаған ер адам ұсталды

0
58

Жантүршігерлік оқиға Түркістан облысы Келес ауданында болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik.Түркістан облысының полициясы өгей шешесі мен әжесін өлімші етіп сабаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Түркістан облысының полицейлері қарт әйелдерді соққыға жыққан күдіктіні ұстады», – делінген хабарламада.

Осыған дейін әлеуметтік желіде соққыға жығылған әйелдердің видеосы жарияланған еді. Кейін Келес аудандық полиция басқармасына дене жарақатын алған екі әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері өгей баласының шешесі мен әжесін өлімші етіп сабап, қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтаған.

Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» және 149-бабы «Тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді.

Бірінші бап бойынша айыпты 2 мың АЕК-ке (5 миллион 50 мың теңге) дейiн айыппұл төлеуі, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы бойынша 1 мың АЕК (2 миллион 525 мың теңге) дейін айыппұл салынады, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не болмаса екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Анасы мен әжесін өлімші етіп сабаған: мән-жайды туысы айтып берді

Бірнеше тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ауданының полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, полиция бөліміне жеткізді.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.



sputniknews.kz