Түркістан облысында мас ер азамат мектеп дәретханасына кіріп кеткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында мас ер азамат мектептегі дәретханаға кіріп кеткен жерінен ұтсалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

туалет

Бүл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Белгісіз адамды бейнебақылау камералары арқылы көрген ұстаздар полицияны шақыртыпты. 

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам орта дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Дәретханаға екі оқушы қыз да кірген. Полицейлер мен мұғалімдер жедел әрекет етіп, күдіктіні қолға түсіріпті.

«Осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тексеру кезінде ер азаматтың 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды», — делінген ресми хабарламада.

Атап кетерлік жайт, мектептің ішінде және ауласында бейнебақылау камералары орнатылған екен. Сол себепті күдіктіні қолға түсіру мүмкін болған.

 

stan.kz