Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін ескертті

АЛМАТЫ, 30 сәуір –Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында абайсызда екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 29 сәуірде болған. 

«Мырзакент ауылында 2012 жылы туған бала абайсызда «Достық» каналына құлап, батып кетті. 8 жастағы баланың денесін куәгерлер тапты», — делінген ақпаратта.

Екінші жағдай Достық ауданында болды. 2018 жылы туған бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Электр розеткасымен ойнап, тоққа түскен. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Мұндай жағдайға жол бермес үшін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті балаларды қараусыз қалдырмайғ қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек екенін ескертті.

Тұрмыстық техника және жеке электр сымдарымен жұмыс істейтін розеткаларды бұғаттап, оларға арнайы диэлектрлік бітеуіш орнатуға шақырды.

Тағы оқыңыз: Қаскелеңдегі төтенше жағдай салдарынан бала көз жұмды — оқиға орнында түсірілген видео

Сонымен қатар балаларды ересектердің бақылауынсыз тоған және басқа да су қоймаларына жібермеуді сұрады.

 



sputniknews.kz