Түркістан облысында көп балалы әке мас болып, су басқан аймақтан отбасын алып шыға алмаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы полицейлері Мақтарал ауданы Мырзакент кентіндегі алты адамнан тұратын отбасы су басу қауіпі бар аймақта қалып қойғанын байқаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz ресурсының мәліметінше, Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылды су басқан соң, тәртіп сақшылары Мырзакент кентінің тұрғындарын көшіруге көмек көрсеткен.

» Үйлерді аралау барысында тәртіп сақшылары үйлердің бірінде алты адамнан тұратын отбасы қалғанын байқады. Белгілі болғандай, үй иесі мас күйінде көліктің руліне отыра алмаған», — деп жазды

Полиция қызметкерлері патрульдік көлікпен жергілікті тұрғынды, оның 4 баласы мен әйелін қауіпсіз аймаққа апарып, жақын маңдағы эвакуациялық пунктке дейін жеткізетін автобусқа отырғызған.

stan.kz