Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер азаматтың үстінен іс қозғалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.  

10 наурыз күні карантиннен қашып кеткен жігіт Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталыпты. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Алайда Шымкет қаласының тұрғыны медициналық мекемеден қашып кетіпті. 

Арыс аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қашып кеткен ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тауыпты. Содан кейін Арыс қаласының жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге ер адам қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Полицейлердің хабарлауынша, ер адам Вьетнамда жұмыс істеп, короновирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Қазір оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетіпті. 

stan.kz