Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Карантин аяқталғанға дейін елді мекендерде қоғамдық көлік қатынамайды. Дін ұйымдар да жабық болатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді.

Көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады.



sputniknews.kz