Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жүргізушінің денесі табылды
Қысқа сілтеме алу
Ер адам көлік тізгініне ие бола алмай, өзенге құлап кеткен екен. Ол бір апта бойы іздестіріліпті
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жүргізушінің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды жергілікті vera.kz порталы.
Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адам Opel Vectra көлігінің тізгініне ие бол алмай, «Газалкент» каналына құлап кеткен.
Қайлығы оқиға 22 желтоқсан күні Қазығұрт ауданы Қызыл Сенгір аулының маңында болған екен.
«Қаза тапқан жүргізушінің туыстары көлікті судан шығару үшін автокран шақыртыпты. Автомобильді жоғары көтерген кезде оның терезесінен ер адамның денесі құлап кеткен. Санаулы секундта оны өзен ағысы алып кетті. Осыдан соң оқиға орнына құтқарушы отряд шақырылған екен», — делінген хабарламада.
Оқиға орнына шұғыл жеткен сүңгуірлер қиын жағдай жұмыс істегенін атап өтті. Өзен ағысының жылдамдығы 10 м/с құрапты. Құтқарушылар үш метр тереңдікте түсіп, ештеңе көре алмаған. Сондықтан жеті күн таңертең жұмыс істеуге мәжбүр болған екен.
«Іздестіру жұмыстары барысында екі жүз шаршы метрді құрайтын өзен түбінен жүргізушінің денесін іздедік. Алайда нәтиже ойдағыдай болмады. Сонымен қатар, мамандар моторлы қайықпен өзеннің 157 шақырымын жүзіп өтіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бізге жергілікті тұрғындар, жоғалып кеткен ер адамның туыстары, полицейлер көмектесті», — дейді құтқарушылар.
Жүргізушінің денесі 29 желтоқсан күні көлік құлаған жерден 12 шақырымнан табылыпты.
sputniknews.kz