Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз Отардан табылды — новости Казахстана

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен Келес ауданының тұрғыны Ұлжалғас Мұсаеваны іздеп тапты. Бойжеткен басқа аймақтан жаңа жұмыс тауып алған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Жеке мұрағаттан
1996 жылы туған бойжеткен 17 қараша күні үйінен шығып, қайта оралмаған еді.

Фото: Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде із-түзсіз жоғалған бойжеткенді Жамбыл облысының аумағынан тапқан.
Белгілі болғаны, ол өзінің құрбысымен Отар станциясындағы әскери бөлімге аспаз көмекшісі болып жұмысқа орналасқан екен. 1 желтоқсан күні Ұлжалғас Мұсаева үйіне қайтарылған.
Туыстары Ұлжалғас Мұсаеваның үйден кету себебін күйеуі екеуінің арасындағы ұрыспен байланыстырған болатын. Ал құрбысының отбасында да, оқуында да ешқандай да мәселе болмаған көрінеді.