Түркістан облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

0

Бүгін, 16 шілдеде Түркістан облысындағы ірі жол апатынан бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.

Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады. Оның айтуынша, оқиға 16 шілде күні сағат 13:15 шамасында Қазығұрт ауданы аумағында болған. Мәліметке қарағанда, Шымкент-Жібек жолы бағытындағы тасжолмен келе жатқан «Мерседес» маркалы шағын автобусы «Камаз» жүк көлігінің артынан соққан. Салдарынан бес адам қайтыс болған. Түрлі дәріежеде жарақат алған алты жолаушы мен шағын автобустың жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Қазақстан — әлем бойынша жол апаты көп болатын бес елдің бірі.

Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жол апаты азаймай тұрғанын айтып, үкіметке апатты азайту үшін шаралар қабылдауды тапсырған.

Azattyq